09 ақп, 2023 сағат 12:32

Ақтөбе облысында шекарадан заңсыз өтпек болған 4 шетелдік ұсталды

Фото: ҰҚК Шекара қызметі

Биыл 4 ақпанда ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысында Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтті деген күдікпен 4 шетелдік азаматты ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл адамдар 2023 жылғы қаңтарда Өзбекстаннан заңды негізде Қазақстанға келіп, әрі қарай жұмыс істеу мақсатымен Ресей Федерациясына өтуді жоспарлаған.

Алайда Ресейге кіруге шектеулері болғандықтан, олар тәуліктің қараңғы уақытында жасырынуға арналған костюмдерді киіп, өткізу бекеттерінен тыс жерден шекараны кесіп өтуге әрекеттенген.

Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.