Ақтауда «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қала тұрғынының көлігінен заңсыз ауланған 65 келі бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Лада 2113» автокөлігінің салонынан бекіре тұқымдас балық салынған төрт қап тапты, олардың жалпы салмағы 65 келі. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай -ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін заңсыз пайдалану фактісі бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - делінген баспасөз хабарламасында.