25 шіл, 2022 сағат 23:35

Ақтауда балалар 10-қабаттағы пәтер терезелерінен кіріп-шығып жүрген


Маңғыстау облысының полициясы көпқабатты үйдегі пәтердің бір терезесінен шығып, үйдің сырт қабырғасындағы шығыңқы жер арқылы екінші терезеге кіріп-шығып жүрген балалар туралы видеоны тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Оқиға Ақтау қаласындағы 32 «б» шағынауданында орналасқан «Атакент» тұрғын үй кешенінде болған. 10-қабаттағы пәтер терезелерінен кіріп-шығып ойнап жүрген 3 қыз бала көшедегі адамдардың көзіне түскен. 

«Видео әлеуметтік желі арқылы келіп жатыр. Бүгін 25 шілде сағат 10-нан кете болған. Естуімше, балалардың анасы дүкенге кеткен», - деді осы үйдің тұрғыны. 

Видеода көріп тұрғанымыздай терезелерге қауіпсіздік торы орнатылмаған. 

Болған жағдайдың анық-қанығын Маңғыстау облысының полициясы анықтап жатыр.