10 там, 2022 сағат 13:14

АҚШ дипломаттары Абай өлеңдерін оқыды - видео


Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа оқыды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстанға келгелі бері біз де хәкім Абай Құнанбайұлының өлеңдерімен танысуды жөн көрдік. Сонымен қатар, үзінді болса да кейбірін жатқа айтқымыз келеді», - деді Брайан есімді қызметкер өзінің бейнеүндеуінде. 

Атап айтқанда, АҚШ дипломаттары ойшылдың «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап», «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ал Джон есімді тағы бір қызметкер «Көзімнің қарасы» әнін орындап берді.