Фото: "БОРТ №1"
Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл. Қасым-Жомарт Тоқаевтың архивтегі фотосы жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "БОРТ №1" Telegram-каналына сілтеме жасап.
"1992 жылы 22 мамырда ЮНЕСКО-ға мүше болу туралы актіге қол қойылғаннан кейінгі Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майордың бірге түскен суреті. ЮНЕСКО тізіміне енген еліміздің алғашқы нысаны Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болатын", - делінген жазбада.
Суретте Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майор, Париж, 1992 жылғы мамыр.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстандағы бірқатар нысан ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген.
Мәдени нысандар:
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, 2003 жыл;
Тамғалы археологиялық ландшафының петроглифтері, 2004 жыл;
Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің желісі, 2014 жыл.
Табиғи нысандар:
Сары-Арқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері, 2008 жыл;
Батыс Тянь-Шань, 2016 жыл.