12 там, 2021 сағат 17:19

Ақмола полициясы ірі көлемде алаяқтық жасаған әйелді іздестіруде


Ақмола полициясы ірі көлемде алаяқтық қылмыс жасаған әйелді іздеуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 06.05.1976 жылғы Айсұлу Сәбитқызы Сексембаева Солтүстік Қазақстан облысы Есперлі ауылының тумасы. Бойы 165-170 сантиметр, дене бітімі толықша келген, бет әлпеті ақшыл, сопақ, көздері үлкен, жасыл түсті, тік мұрынды, шашы қара, иығына түскен.

«Айсұлу Сәбитқызы Сексембаева ірі көлімдегі алаяқтық қылмыс жасағаны үшін (Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлімі бойынша) іздестірілуде. Бұлтарпау «қамауда ұстау» шарасы таңдалып отыр», - деді ведомстводан.

Осы ретте, полиция қызметкерлері іздеуде жүрген қылмыскер бойынша қандай да бір ақпарат болған жағдайда 8(7162)29-10-09, 29-11-14, 87071198719, 87761106565, немесе 102 телефон нөміріне хабарласуды сұрайды.