Ақмола облысының 31 жастағы тұрғыны атылып өлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, бүгін Есіл ауданындағы Ленинское ауылының тұрғыны полицияға хабарласып, ас бөлмесінде 31 жастағы ұлының денесін тапқанын айтқан. Ер адамның сөзінше, ұлы өзін өзі мылтықпен атқан.
«Бұл оқиға сотқа Қылмыстық кодекстің 105-ші бабының 1-ші бөлігі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері ер адамның денесі ас үйден табылғанын анықтады. Сонымен бірге, оның жанынан «ТОЗ» маркалы 12 калибрлі қосауыз мылтық табылды. Қазіргі кезде, сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән–жайы тексеріліп жатыр», - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.