Ақмола облысында өтіп жатқан «Браконьер» жедел алдын алу шарасы барысында төрт елік атқан 3 браконьер ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, қазанның 18-де Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне «Тұлпар-2» экипажы хабарласып, «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 25 шақырымында Көкшетау қаласының 28 жастағы тұрғыны басқарған «Нива» көлігі тоқтатылғаны және көлік ішінен төрт еліктің еті, тегіс ұңғымалы 16 колибрлі мылтық пен 26 оқ-дәрі табылғанын айтқан. Тексеріс кезінде бұларға рұқсат құжаттары болмаған. Көлік ішінде жүргізушіден бөлек, облыс орталығының 28 және 52 жастағы тұрғындары болған.
«Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 337 бабының 1 бөлігі «заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ведмстводан.
Сонымен бірге, табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері мен «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының инспекторлары Зеренді ауданының Викторовка ауылының маңындағы Айдабол көлінде заңсыз балық аулау оқиғасы анықтады.