17 там, 2021 сағат 11:24

Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына пара алды деген күдік келтіріліп отыр


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақмола облысының «Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысына қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналы.

Оған облыс кәсіпкерлерінен өз өкілеттігінің аясына кіретін шешім қабылдағаны үшін ірі мөлшерде пара алды деген күдік келтіріліп отыр. 

«Биылғы жылдың 14 тамызында соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.