20 қар, 2020 сағат 08:10

Ақмола облысы аумағында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

Елорда және Ақмола облысында Ақмола облысының аумағында мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті хабарлады.

Осылайша, 18 қараша күні Нұр-Сұлтанда полицейлер Ақмола облыстық полиция департаментіндегі әріптестерімен бірлесіп қылмыстық топтың төрт мүшесін ұстады. 

Қазіргі кезде олар мал ұрлаудың төрт фактісіне қатысы бар екені анықталған. Қылмыскерлер түнгі уақытта далада жайылып жүрген ірі қара малды атып, етін сол жерде мүшелеп, оны елорда базарларында сатқан. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы («мал ұрлау») бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.