Жолаушылардың айтуынша, Алматыдан Оралға бағыт алған рейс кезінде екі жолаушының дене қызуы көтеріліп, құсқан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Уральская неделя" басылымының мәліметінше, ресейлік ер адам мен әйел өзін нашар сезінген соң ұшақ қонғаннан кейін санитарлық эпидемиологтар бортқа көтеріліп тексерген.
"Бізді екі сағат бойы ұшақтан шығармады. Кейін барлық жолаушыны жіберді", – деді сондағы әйедердің бірі.
Оралдағы облыстық жүұпалы аурулар ауруханасы екі науқастың келіп түскенін растады.
"Түнде бізге Ресейдің екі азаматын жеткізілді. Анамнез, эпидемиологиялық анамнез және клиникалық тексеруден кейін олардан тырысқақ анықталмады. Екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық. Олар Саратов облысындағы өздерінің тұрғылықты жеріне аттанып кетті", – деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова.
Бұған дейін "AirAstana" әуе компаниясының ұшқышы Алматыдан ұшар алдында есірткі тұтынғаны үшін ұсталған еді.