Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешені саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Заң мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.