ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова «Адам құқықтары және заң үстемдігі туралы» заң жобасы жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл заң бойынша нақты шешім қабылданды. Сәуірдің аяғында «Адам құқықтары және заң үстемдігі туралы» жобаны Үкімет қарады. Оң шешім қабылданды. Халықаралық тәжірибеге қарасақ, көптеген мемлекет осындай заңды қабылдады. Бұл адам құқықтарын қорғау ғана емес, профилактика және әлеуметтік проблемаларға байланысты, адам сату жағдайы бұзушылықтары жасалғанда қылмыстық жауапқа тарту ғана емес – осындай жағдайға түскен адамдарға көмек көрсету», - деді Әзімова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Қазақстанда адам саудасы қылмыс ретінде заңнамалық тұрғыда қарастырылады, бас бостандығынан айыруға дейін тиісті қылмыстық жауапкершілік бекітілген. Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандарды «сатып алу және сату» қылмысы бөлек құрамда жазылған.
«Мұндай фактілер Қазақстанда бар. Біз мұны қоғамға қауіпті құбылыс ретінде айтамыз. Өйткені іс жүзінде бұл қылмыс адамның бірқатар құқықтарына нұқсан келтіреді. Өкінішке орай, біз адам саудасы туралы айтқанда мұндай фактілер жаппай сипатқа ие болмайды, тіпті адамдар мұндай жағдайға еркінен тыс қана емес, өз келісімімен де барады. Көбінесе олар жұмыс табу қиындағандықтан күмәнді, күдікті еңбек жағдайларына келіседі, заңбұзушылыққа өздері барады. Мұнда полиция қанша жерден тиімді жұмыс істегенімен, мәселе ашық күйінде қалады. Атап айтқанда, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау мәселелері және тәжірибе көрсеткендей, адамдар бұл жағдайға бірнеше рет барады, яғни қылмыс ұзаққа созылады. Сондықтан басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың алдын алу, ескерту, талдау жұмыстары өте маңызды. Бұл тек анықтауға және жазалауға бағытталған жұмыс емес, елдің әлеуметтік саясатымен байланысты тәжірибе, сондықтан біз осы заңның қабылдануын қолдаймыз», - деді Әзімова.
Оның айтуынша, келесі жылдың бірінші жартысында заң жобасы Үкіметке ұсынылып, кейін оны талқылауға депутаттар да қосылуы керек.