Фото: © 24.kz
Абай облысының ең ұзын тұрғыны Көкпекті ауылында тұрады. 47 жастағы Станислав Вишняковтың бойы 202 сантиметр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Ер адам 25 жылға жуық уақыт бойы сорғы станциясының инженері болып жұмыс істейді. Әріптестері жұмыста мұндай биік қызметкердің болуы өте ыңғайлы екенін мойындайды. Станиславтың қолы кез келген нәрсеге жетеді. Дегенмен қиындықтар да бар. Жұмысқа үлкен өлшемдегі комбинезондар тігілмейді. Әсіресе 47 өлшемдегі аяқкиімді табу қиын.
"Тіпті бір жағдай болды, өлшемді айтқанымызда, ондай болмайтынын айтты. Мен өзім суретке, видеоға түсіріп апардым. Олар бізге сенбеді. Өте жауапты адам. Ешқандай проблема жоқ", - деді инженер әріптесі Руслан Закиров.
Станислав жасөспірім кезінен белсенді өсе бастаған. Мектеп бітірерге дейін ол 197 сантиметрге дейін жеткен. 37 жасында 2 метр 8 сантиметр болған. Бірақ жылдар өте төмендеген. Ал қазір ол - 2,02 метр шамасында.
Бос уақытында спортпен шұғылданады. Үйленген, екі баласы бар.