11 мам, 2021 сағат 19:41

9 адамнан айырылдық - Татарстан президенті


Татарстан астанасындағы мектепте болған атыстан қаза тапқандар саны тоғызға жетті. Бұл туралы Республика Президенті Рустам Минниханов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Біз жеті баладан айырылдық, сегізінші сынып оқушылары: төрт ұл мен үш қыз. Сонымен қатар, бір мұғалім мен әйел қызметкерден айырылдық", - деді Мемлекет басшысы. 

Миннихановтың айтуынша, 18 оқушы балалар клиникалық ауруханасында жатыр.

"Өкінішке қарай, оқтан жараланғандар да, сүйегі сынғандар да бар. Дәрігерлер балаларымыздың өмірін сақтау үшін барлығын жасап жатыр. Екі ересек жетінші ауруханада, ал біреуі республикалық клиникалық ауруханада жатыр. Оларға да оқ тиген" - деді республика басшысы.

Бұған дейін ресми түрде жеті адам қайтыс болғаны хабарланған еді.