17 нау, 2022 сағат 11:25

80 млн теңгенің майнинг құрылғыларын Ресейге әкетпек болғандар ұсталды


Қазақстаннан Ресейге заңсыз жолмен майнинг құралдарын әкетпек болғандар анықталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақтөбе облысы бойынша департаментінің шекарашылары «Жайсаң» автомобиль өткізу пунктінд­е, ҚР-дан Ресей Федерациясына шығатын жерде «DAF» маркалы автокөлікті ұстады. Көлік құралын толық тексеру кезінде ҚР-дан ілеспе құжаттары жоқ 813 қорап қоректендіру кабельдері бар «Avalon» майнингке арналған жабдығы табылды.

Алдын ала бағалау бойынша ұсталған жүктің құны шамамен 80 млн теңгені құрайды.

Барлық техника процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша ЭТД-ға тапсырылды" - делінген хабарламада.