7 жастағы қыз әкесінің анасын ұрып-соғып жатқаны туралы «102» пультіне қоңырау шалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына дереу келді. Тексеру барысында отбасының 43 жастағы отағасы ішімдік ішіп, тұрмыстық негізде отбасылық жанжал тудырып, әйелін ұра бастағаны анықталды. Қорқып қалған қыз полицейлерді шақырды», - делінген хабарламада.
Отбасылық жанжалды шығарған ер адамнан аңшылыққа арналған қару тәркіленді.
«Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 73-ші бабы бойынша іс қозғалып, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды», - деді департаменттен.
Еске сала кетсек, елордада «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы жалғасуда. Оның мақсаты - қылмыс пен құқық бұзушылықты алдын-алу бойынша азаматтармен түсіндіру әңгімелерін өткізу. Жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы учаскелік инспекторлар 263 мыңнан астам үйді аралап шықты.