2021 жылдың 7 сәуірінде Қазақстан аумағына Ұлыбритания, Германия, Корея, Иордания, Үндістан, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Моңғолия, Грузия, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсі келді.
3551 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3530 адам, анықтамасыз 21 ҚР азаматы келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпаарт" ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 2316 жолаушы, анықтамамен - 2309, анықтамасыз - 7;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 593 жолаушы, анықтамамен - 579, анықтамасыз - 14;
Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 196 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 151 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 237 жолаушы анықтамамен келген;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 58 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 6 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері бойынша анықтамасыз келген 21 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.