09 мам, 2021 сағат 11:43

6 өңір «қызыл» аймақта тұр


2021 жылғы 9 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мәліметке сай, «қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр. 
«Сары аймақта» Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары бар.
«Жасыл аймақта» Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.