«50 мың теңге алу үшін төлем жүргізу қажеттілігі» туралы тараған ақпарат жалған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, мессенджерлер мен әлеуметтік желіде тараған 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау бойынша қызметтер үшін 3 120 теңге мөлшерінде төлемді жүзеге асыру қажеттігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда тағайындалуы міндетті түрде қандай да бір төлемдерді аударуға «байланыстырылған» жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер жоқ екенін хабарлайды. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз», делінген хабарламада.
Ведомство жалған ақпаратты таратуға заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.