13 шіл, 2022 сағат 11:23

50 мың доллар пара алған полицейлер ұсталды


Көкшетау полицейлері қылмыстық істі жабуға уәде бергені үшін 50 мың доллар алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Ұлт ақпарат" Антикорға сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Көкшетау қаласы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты басқа органның іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін кәсіпкерден 50 мың АҚШ доллары сомасында ақша қаражатын алу фактісі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр.

Биыл 8 шілдеде жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, 9 шілдеде Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Қазіргі уақытта соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.