09 там, 2022 сағат 18:08

5 жастар қызды іздеу жұмыстары: алқапқа шырын мен тәттілер қойылды


Қостанай облысында 5 жастағы қызды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Оған Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетов қатысқан.

Cағат 16.00-де таратқан ақпарат бойынша, қыз әлі табылған жоқ.

"Сағат 16.00-дегі іздеу аймағы Жамбыл ауылы - Тобыл өзені, Алтын дала ауылы, Қостанай қаласы, Самир ауылы. Іздестіру төрт бағытта жүріп жатыр. Штаб отырысында егістікке азық-түлік пен су қалдырып, оларға әуе шарларын байлау ұйғарылғаны айтылды. Бұл іздеу жүйелері үшін сигнал беретін нұсқа болады. Әр өрісте осы процесті бақылайтын бақылаушылар бар. Әуеден бақылау жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, кешкі алтыдан кейін баланы іздеуге көмекке келген Рудный дельтаклубының нұсқаушылары алаңдарды жоспарлайды.