19 шіл, 2023 сағат 12:31

5 жасар қыздың өлімі: Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылуы мүмкін

Фото: Tengrinews.kz

Бес жасар қыздың өлімінен кейін Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жоғарғы сот тарапынан кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге қатысты мамыр айындағы заңсыз үкім шығару дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыз ауыл тұрғынының үйінен өлі табылғаны хабарланған еді.

Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі назарына алғанын айтып, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.