Алматы облысында 33 млн теңге пара алды деп айыпталған Қарасай ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде айыппұл төлейтін болды. Сот шешіміне сәйкес, енді ол мемлекет қазынасына 73,4 млн теңге төлеуге міндеттелді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Аталған мәселе туралы тікелей эфир кезінде AntikorLive Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Ернар Мақажанов мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары жеке серіктестің бірінен келісімшартқа қол қою кезінде пара алды деген күдікке ілінген болатын. Ол «Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында салынатын нысанға «қамқорлық» таныту үшін сыбайластыққа барған. Ал салынуы тиіс объектінің құны 600 млн теңге болған.