Өткен бір тәулікте Қазақстанда COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырған 225 адам тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мәліметке сенсек, 3 желтоқсанда коронавирустық пневмонияға шалдыққан 2 науқас көз жұмып, 64 адам жазылды.
Жалпы, 1 тамыздан бері 42 680 науқас және 448 өлім жағдайы тіркелді. 30 792 адам сауығып шыққан.