Кеше, 23 қарашада Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 678 адам анықталды. Бір күнде 840 адам жазылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, дүйсенбі күні ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (154) тіркелген. Павлодар (108) мен Солтүстік Қазақстан облыстарында (105) бір күнде 100-ден астам науқас табылған.
Қостанай облысында - 70, Ақмола облысында – 68, Алматы қаласында - 46, Батыс Қазақстан облысы - 33, Нұр-Сұлтан қаласы - 25, Алматы облысы - 20, Қарағанды облысы - 15, Жамбыл облысы - 14, Атырау облысы - 11, Ақтөбе облысы - 8, Шымкент қаласы 1 адамнан коронавирус табылған. Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында бір тәулік ішінде науқас тіркелмеген.
Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендер 126 860 адамға жетті: 113 мыңнан астамы жазылған, 1990-ы қайтыс болған.
Қазақстанның коронавирус статистикасына коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі енгізілмеген. 1 тамыздан бері 41 203 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 427 адам қайтыс болған, 30 мыңнан астамы жазылған.