06 мам, 2021 сағат 23:10

2050 жылы Қазақстанда 65 жастан асқандардың саны екі есе көбейеді – зерттеу


2050 жылға қарай Қазақстанда 65 жастан асқан адамдардың саны екі есе артады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" БҰҰ Халықтың қоныстану саласындағы қорының Қазақстандағы өкілдігіне сілтеме жасап.

БҰҰ-ның Қазақстандағы халық қоныстануы саласындағы кеңсесі (ЮНФПА) Қазақстандағы қарт адамдардың жағдайы мен қажеттіліктеріне және белсенді ұзақ өмір сүру индексіне зерттеу жүргізді.

«Зерттеу нәтижелері Қазақстанның халықтың демографиялық қартаюының салыстырмалы ерте сатысында екенін көрсетті. 2050 жылға қарай 65 жастан асқан адамдардың саны 2019 жылмен салыстырғанда екі есе артады (1,4-тен 3,4 миллион адамға дейін), ал олардың жалпы халық санындағы үлесі 2019 жылғы 7,5%-дан 2050 жылы 14%-ға дейін артатынын анықтады. Зерттеу барысында 55 және одан жоғары жастағы 2000 респонденттен, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінен тұратын 20 сарапшыдан сауалнама алынды, олар Қазақстанда алғаш рет Белсенді ұзақ өмір сүру индексін (БҰИ) есептеу үшін пайдаланылды. Бұдан басқа, ЮНФПА Қазақстанға қолданылатын лайықты, салауатты және белсенді ұзақ өмір сүру саласындағы халықаралық саясатқа талдау жасады», - дейді Қазақстандағы ЮНПФА өкілдігі.

Белсенді ұзақ өмір сүру индексінің (БҰИ) жиынтық мәні бойынша Қазақстан 30 елдің ішінде 9-шы орында тұр. Оның ең жақын көршілері Франция мен Эстония болып тұр. Қазақстанның Белсенді ұзақ өмір сүру индексі бойынша рейтинг көшбасшысы – Швецияның индексінен 8,8-т.т. аз және керісінше, ЕО-тың 28 елі ішінде БҰИ орташа мәнінен 2,6 т.т. жоғары.

Қолайлы орта мен белсенді ұзақ өмір сүру үшін мүмкіндіктер доменіндегі осындай жоғары позицияларға ең алдымен, Қазақстанның қарт азаматтарының жоғары білім деңгейі арқасында қол жеткізілген.

Бұл көрсеткіш бойынша республика көптеген Еуропа елдері мен Ресейден озып тұр.

«2008 жылмен салыстырғанда егде адамдардың қаржылық жағдайының жақсаруына қарамастан, бірқатар проблемалар сақталуда. Мысалы, әрбір 5-ші егде жастағы қазақстандық қиын қаржылық жағдайда болып отыр. Медициналық қызметтер қолжетімді болуы керек деп санайтын респонденттердің үлесі 2008 жылғы 35%-дан 2020 жылы 48%-ға дейін өсті. 2008 жылы егде жастағы адамдардың 45%-ы қоғамда қарттарға қатысты зорлық-зомбылық бар деп мәлімдесе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 61%-ға дейін өскен», - дейді Қазақстандағы ЮНПФА өкілдігі.