07 мам, 2021 сағат 00:20

2050 жылға қарай Қазақстанда 65 жастан асқан адамдардың саны екі есе артады


Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қаулы мәтініне сәйкес, вакциналау тәртібіне өзгеріс енгізілген.

«Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: 0,5 мл дозада I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін - 0,5 мл дозада II компонентпен; бұл ретте кейбір жағдайларда егілушілердің өтінішінің негізінде 21 күннен 90 күн кезеңінде «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасымен ІІ компонентпен вакцинациялау жүргізуге жол беріледі», - делінген қаулыда.

Еске салсақ, ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 30 сәуірдегі №17 қаулысы бойынша вакциналау тәртібіне өзгерістер енгізілді.

«Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: ең алдымен 0,5 мл дозада I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін - 0,5 мл дозада II компонентпен; бұл ретте 45-ші күнге II компонентпен вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге шығу және басқалар) вакцинацияны 90 күн ішінде жүргізуге жол беріледі; вакцинацияның осы курсы 2021 жылғы 21 сәуірден бастап «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасының бірінші компонентін алған адамдарға енгізіледі», - деп жазылған қаулыда.