26 қыр, 2019 сағат 15:26

2040 жылға дейін энергетикадағы ең үлкен үлес мұнай мен газ саласында сақталады - OPEC бас хатшысы

2040 жылға қарай әлемде тәулігіне 112 млн баррель мұнай өндірілмек. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан XII Kazenergy Еуразиялық форумында OPEC бас хатшысы Мохамммед Баркиндо айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы бірнеше айдың ішінде жаһандық мұнай нарығы сауда тартыстары мен геосаяси даму салдарынан белгісіздікке толы болды. Осынау айқынсыздық әлемдегі ең ірі өндіруші Сауд Арабиясының энергетика жеткізушілеріне таудағы шабуылдан кейін күрделене түсті. Шамамен 5-7 млн баррель өндіріс нарықтан шығып қалды. Ослайша, мұнай бағасы 7 пайыздан астамға шарықтап кетті. Бұл соңғы 30 жылда көріп отырған ең ірі құбылмалық. Сонымен қатар небәрі 1 минуттың ішінде 5-7 млн баррельдің жоғалуы мұнай тарыхындағы ең үлкен шығын. Бұл ретте Корольдік Үкіметінің және ұлттық мұнай компанияларының тез арада үн қатып, жылдам өндірісті қалпына келтіруі мұндай құбылмалықтың одан ары кеңейе түсуіне жол бермейді», - деді OPEC бас хатшысы.

Оның пайымынша, әлемдегі мұнай мен газдың қауіпсіз жеткізілуіне кез келген кедергі индустрия мен экономиканың айтарлықтай бұзылуына алып келеді. Сондықтан OPEC -те, Қазақстан да нарықтың тұрақты болуына қалайды.

Сонымен қатар ол осы жылдың 5 қарашасында мұнай-газ саласындағы болжамдарды қамтитын әлемдік шолу жария етілетіндігін атап өтті.

«Біз әзірлейтін осы және өзге де жарияланымдар тыңғылықты сараптамалар мен зерттеулерге негізделеді. Осы орайда біздің зерттеулеріміз мұнай-газ және бүкіл индустрия басым болатындығын көрсетіп отыр. Энергетиканың кез келген формасы бізге сұранысты қамтамасыз ету үшін қажет. Мұнай мен газ 2040 жылға дейін энергетиканың ең үлкен үлесі болып қалады және сақталады. Сонымен қатар біз мұнай-газға сұраныстың ең үлкен өсімі 2040 жылға қарай күніне 112 млн баррельге артатындығын күтеміз. Оның басым бөлігі халқы жылдам өсіп келе жатқан, экономикалық өсімі мықты дамушы елдерге жеткізілмек», - деді Мохамммед Баркиндо.