2025 жылы ауыл балалары қосымша біліммен 100 пайыз қамтылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ауылда қосымша білім беруді дамыту – маңызды мәселе. Білім беру сапасына үйірмелермен қамту үлкен ықпал тигізеді. Бүгінгі таңда ауыл оқушыларының тек қана 40 пайызы қосымша біліммен қамтылған. Ал 2025 жылға қосымша біліммен 100 пайыз қамту жоспарланып отыр», - деді министр.
Оның атап өтуінше, ол үшін биылдан бастап алғаш рет балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырысты орналастыру механизмі енгізілді. Арнайы Заң қаңтар айында қабылданды.
«Шағын жинақталған мектептерде білім беру сапасын арттыру мақсатында тірек мектеп-ресурстық орталықтар мен интернат желісін кеңейту жоспарланып отыр», - деді Асхат Аймағамбетов.