2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңгеден астам субвенция беріледі. Бұл туралы бүгін Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына арналған республикалық конференцияда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бюджет - бұл қаладағы, ауылдағы, елді мекендегі адамдардың лайықты өмір деңгейін қамтамасыз етудің басты тетігі. Мәслихат депутаттары әкімдіктермен бірге өз өңірінің, өзінің елді мекенінің бюджет қаражатын тиімді бөлу үшін бірдей жауапкершілікке ие», - деді ол.
Сенат төрағасы 2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңгеден астам сомаға субвенция беру жоспарланып отырғанын айтты.
«Субвенция көлемінің өсімі облыстық және қалалық мәслихаттарға, тексеру комиссияларына барынша жоғары талап қояды. Басымдықтар дұрыс таңдап, сапалы жоспарлау қазақстандықтардың өмірін жақсартуда шешуі рөлге ие болады», - деді Дариға Назарбаева.