2019-2021 жылдары «Жастар тәжірибесі» жобасымен 30 мың жас қамтылады. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстандағы әлеуметтік лифтілердің тиімділігін арттырудың маңызды тетіктерінің бірі – бұл «Жастар тәжірибесі» жобасы. Ол жұмыс іздеуші жастарға қажетті тәжірибе алуға және әлеуетті жұмыс берушімен байланыс орнатуға көмектеседі. Жобаның механизмі өте қарапайым: ЖОО түлегі еңбек биржасында жұмыссыз ретінде тіркеледі. Ал жұмыспен қамту бөлімдері оларды нақты бейіндегі мамандар қажет ететін компаниялар мен мемлекеттік органдармен байланыстырады. Мұндай тәжірибеден өтушіге бюджет есебінен 6 ай бойына 60 мың теңгеден астам мөлшерде қаражат төленеді. Бұл өте жақсы тәжірибе», - деді ол.
Министрдің айтуынша, 2019-2021 жылдары жобаға қатысушылар санын 30 мыңға дейін ұлғайту көзделген.
«Посткеңестік аумақта бұл – теңдесі жоқ жоба. Бұған ұқсас тәжірибе тек Еуроодақ елдерінде бар. Сонымен қатар, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша мамандарға берілетін біржолғы жәрдемақы көлемі 70-тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды. Бұдан басқа, 3 миллион 700 мың теңгеге дейін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер беру қарастырылған», - Д.Абаев.