© vk.com/alesia_lazar
Мәскеуде 20 жастағы ресейлік балерина Алеся Лазарева кенет қайтыс болды. Бұл жағдайды актриса қызмет еткен Касаткина және Васильев атындағы классикалық балет театры растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Алеся талантты, танымал балерина еді. Оның өнері өзінің әсемдігімен, орындаудағы дәлдігімен және керемет шеберлігімен таңғалдырды. Жас, әдемі және жай ғана періште, енді бізбен бірге емес. Ол кенет қайтыс болды, шынында да, бұған сене алмайсың", - деп жазды балеринаның достары оның әлеуметтік желілердегі парақшасында.
Қайғылы оқиға 29 мамырда таңертең болған. Балерина жуынатын бөлмеде есінен танып қалған. Қыздың анасы дереу жедел жәрдем шақырған, бірақ дәрігерлер жас өнерпазды құтқара алмаған.
"Мен қызыммен бірге тұрдым. Ол таңертең тұрды, болды. Жедел жәрдем шақырдық, оған барлық жағынан көмек көрсете бастадық. Оны ауруханаға тірі апардық. Онда клиникалық өлім анықталды. Дәрігерлер оның есін жиғыза алды: жүрегі соғып тұрды. Бірақ тоқтап қалды... Енді ештеңе жасай алмаймыз. Тек шындықты жазу керек, өсек жазбау керек. Қызым керемет бала еді", - деді қайтыс болған балеринаның анасы Оксана Игоревна.
Балеринаның жақын досы Александр Ашихмин "СтарХитке" Лазареваның денсаулығына байланысты мәселе болмағанын және оның қайтыс болуы жақын адамдары мен достары үшін күтпеген жайт болғанын айтты.
"Алеся күн сайын жаттығып жүрді, үнемі тексеріліп тұрды. Ауруыңыз болса, үлкен спортта немесе өнерде болу мүмкін емес. Сондықтан бәріміз шошып кеттік", - деді ол.
577 рет оқылды