15 қар, 2021 сағат 13:19

12 тоннадан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді - ІІМ


Биыл заңсыз айналымнан 12,5 тонна есірткі тәркіленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері екі мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 1300 факті есірткіні сату және 360-ден астамы есірткіні аса ірі көлемде сақтауға қатысты. Заңсыз айналымнан 12,5 тонна есірткі тәркіленді, оның арасында 5 келі героин, 9,5 тоннаға тарта марихуана, 380 келі гашиш, сондай-ақ 110 келі синтетикалық есірткі бар», - деді Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған апталық брифингіде.

Оның айтуынша, ұйымдасқан 8 қылмыстық топтың жолы кесілді және 14 жасырын есірткі зертханасының заңсыз қызметі жойылды.