Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 100 мың жасқа жұмыс берілуі қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді" - деді Мемлекет басшысы.