03 мау, 2021 сағат 18:31

100 млн-нан астам қызметкер пандемия салдарынан кедейленді - БҰҰ


Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) жаңа баяндамасының авторлары COVID-19 пандемиясы салдарынан 100 миллионнан астам қызметкердің кедейленгенін анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) сайтына сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижесі 2019 жылмен салыстырғанда әлем бойынша 108 миллион қызметкер кедей және қатты кедей санатына жатқызылғанын көрсеткен. Олар және олардың отбасы күніне бір адамға 3,20 доллардан төмен ақшаға өмір сүреді. 

Сонымен қатар 2020 жылы 2019 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда әлемде жұмыс сағатының 8,8 пайызының жоғалғаны аталды. Бұл 255 миллион толық күнгі жұмыс орнына тең. Есепте айтылғандай, жағдайдың нашарлауына қарамастан, әлемде жұмыс сағатының саны жаңартылмаған. Осы жылдың аяғына дейін әлі 100 миллион толық күнгі жұмыс орны жетіспейді.

Ал 2022 жылы жаһандық жұмыссыздық 205 миллион адамға жетпек. 2019 жылы бұл көрсеткіш 187 миллион болған.