25 там, 2022 сағат 22:29

Оралда 10 әскери қызметші психикалық орталықта жатыр – фейк


Әлеуметтік желіде "Орал қаласының облыстық психикалық денсаулық орталығына 10 әскери қызметші жатқызылды" деген ақпарат тарады. ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" ӨңҚ баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта Орал қаласының облыстық психикалық денсаулық орталығында мерзімді қызметтегі бір әскери қызметші жатыр.

2022 жылдың 9 тамызында Ақтөбе облысының ҚІД-нен 2022 жылдың маусым айында Орал қаласындағы 5517 әскери бөліміне шақырылған қатардағы жауынгер Қайрош Арманбек Базарұлы Орал қаласының дәрігер-мамандарына қаралуға жіберілді. Содан кейін ол "бейімделудің бұзылуы" алдын ала диагнозымен Облыстық психикалық денсаулық орталығына дәрігерлердің бақылауына түсті", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.