Астанада 18 жастағы жігіттен ірі көлемдегі есірткі партиясы табылды

Астанада 18 жастағы жігіттен ірі көлемдегі есірткі партиясы табылды
скриншот Криминальный Казахстан

Астанада 18 жастағы жігіттен ірі көлемдегі есірткі партиясы табылды, деп хабарлайды ult.kz Криминальный Казахстан telegram арнасына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, тінту барысында күдіктіден шамамен 500 орама гашиш, сондай-ақ гашиш майы мен каннабис шайыры табылған. Соңғысын ол балмұздақ шәрбатының бөтелкесінде сақтаған.

Тәркіленген заттардың жалпы салмағы бір келіден асқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.