Жазда Қазақстанда ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер өтеді

Жазда Қазақстанда ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер өтеді
ашық дереккөз

Ұлттық спорт түрлері бойынша тоғызқұмалақтан халықаралық турнирі, жамбы ату, адарыспақ, асық ату, қазақ күресі және дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаттары жоспарланды, деп хабарлайды ult.kz.

Жарысқа 9-15 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

Сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінде Балаларды қорғау күніне (1 маусым) және Спорт күніне (16 тамыз) орайластырылған спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтеді. 

Министрдің айтуынша, 2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында өтетін «Болашақ ойындары» маңызды халықаралық оқиғалардың бірі болмақ.