20 жылдық бітіруші түлектер марқұм болған сыныптасының отбасына баспана сыйлады, деп хабарлайды ult.kz.
Игі бастама бастағандар Арыс қаласы “Сәкен Сейфуллин” мектебінің 1995-2006 жылдар аралығында білім алған түлектері екен. Әлеуметтік желідегі видеодан марқұм сыныптасының артында екі қыз бір ұлы қалғанын көруге болады.
Желі қолданушылары жақсылық жасаған түлектерге алғыстарын жаудыруда.
“Ақшаны ысырап қылмай, ең қажет дүниеге жинапсыңдар”, “Берекелі баспана болсын”, “Арыстың жігіттері мықты”, “Жаңа шаңырақта тек той болсын”, “Жақсылықтарыңыз еселенсін”, Міне осындай тренд жасау керек”, Нағыз достар екен”, деп жазды желідегілер.
Сонымен қатар, түлектер бір қауым жұртқа ас берген.