Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданына қарасты Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасына ұқсас нысан орнатылды. Ерекше тартуды ауыл мектебінің 2006 жылғы түлектері өз қаражатына жасаған, деп хабарлайды ult.kz.
«Ынтымақ» деп аталған мұнара әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Биіктігі шамамен 40 метр болатын нысан «соңғы қоңырау» мерекесі қарсаңында ашылған.
Орал қаласынан 250 шақырымдай жерде орналасқан Жалпақтал ауылының түлектері мерейтойлық кездесулерінде ауылға тарту жасауды дәстүрге айналдырған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұнараны тұрғызуға шамамен 45 миллион теңге жұмсалған.
Айта кетейік, Жалпақтал ауылында 4,6 мыңға жуық адам тұрады.