Чагай Вячеслав есімді әлеуметтік желі қолданушысы танымал тұлғалардың ай сайынғы табысын талқылады, деп хабарлайды ult.kz.
Ол парақшасында Карина Өксікбаева, Кайрат Нуртас, Айтым Жақыпов, Тимур Турлов и Jah Khalib-тің ай сайын қанша қаражат табатынын айтты.
Оның сөзінше, ай сайын Карина Өксікбаева - 20 млн теңге, әнші Қайрат Нұртас – 49 500 000, Айтым Жақыпов – 17 млн теңге, Jah Khalib 27 млн теңге табады.
Тізімнің арасында ең қомақты қаражат табатын қазақстандық ірі кәсіпкер, инвестор Тимур Турлов болып шықты. Оның ай сайынғы табысы шамамен 148 млн теңге.
“Ақпарат ашық дереккөздер мен жеке есептеулерге негізделген. Сондықтан 100% рас емес. Бірақ шынайы сандарға барынша жақын”, - деп жазды Чагай Вячеслав.