15 нау, 2019 сағат 16:33

Жаңа Зеландияда қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

Жаңа Зеландиядағы террористік акт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Біздің дипломаттар жергілікті билікпен тұрақты байланыста. Ресми қаза тапқандар мен зардап шеккендердің толық тізімі әлі жарияланбаған. Олардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетейік, Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында болған террорлық әрекеттен 49 адам қаза тауып, 20 адам жараланғанын хабарлаған болатынбыз.