22 қаз, 2016 сағат 10:18

Ысмайыл Сейітбеков. Сәләфтар енді түрлі қуылыққа көшкендей...

Cәләфизм ағымына тосқауыл қойылады деген ашық әңгімелерден кейін сәләфтар түрлі қуылыққа көшкендей. Заң бойынша тыйым салынбай сәләфтарды тоқтатамыз деу бекер сөз екенін тарихтан білеміз. Себебі ислам тарихына көз жүгіртсек заманында муғтазилит, харижит, шиит секілді қоғамның бас ауруына айналған ағымдармен қаншама мықты ғалымдар күрескен. Бірақ нәтижесі анау айтарлық болмады. Тек халифалардың жазалау жарлығымен ғана тоқтатқан болатын. Сәләфизмге заңмен тыйым салынбаса, болашақта лаңкестік әрекеттерден көз ашпауымыз мүмкін.

Ысмайыл Сейітбековтің жазбасынан