21 қаз, 2016 сағат 08:53

WikiLeaks Барак Обаманың құпия хаттарын жариялай бастады

Бұрындары демократиялық партия өкілдерінің электронды хаттарының бірнеше топтамасын жария еткен WikiLeaks сайты енді Барак Обамаға қатысты хабарламаларды жариялады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

"WikiLeaks АҚШ президенті Барак Обаманың құпия мекенжай арқылы жолдаған хабарламаларының алғашқы топтамасын ұсынады", - делінген сайттың Twitter желісіндегі жазбасында.

Жариялымда жалпы жеті хат көрсетілген. Үш хат 2008 жылдың 4 қазанында Барак Обама президент болып сайланған күні жіберілген.

Хаттардың көбі қазір Хиллари Клинтон штабының басшысы, демокарат Джон Подестаның атынан жолданған. Хаттардың бірін жолдаған Барак Обама болып келеді - сайлауға дейін бірнеше күн қалғанда жазылған хабарламада қойылған сұрақтарға ертең жауап берілетіні туралы қыcқа жауап бар.

Подестаның бірнеше хаты 7 қазанда жарияланған. Хабарламаларда ядролық энергетика, пайдалы қазбалардан түскен пайдадан Клинтон қорына қайырымдылық қаржысын құю туралы және бірқатарында Түркия, оның сириялық қақтығыстағы мүддесі мен терроризмге қарсы күрестегі рөлі жайында жазылған.

kaz.tengrinews.kz