04 қаз, 2018 сағат 13:51

WBC президенті Головкин - "Канело" реваншы үшін жаңа шартты түсіндірді

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман қазақстандық Геннадий Головкин мен WBC чемпиондық белдігінің уақытша иегері америкалық Джермаллом Чарло арасындағы жекпе-жек туралы түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Мұндай шешім Киевте өтіп жатқан WBC Конвенциясында қабылданған. Головкин – Чарло жекпе-жегінің жеңімпазы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен шығуға міндетті үміткер атанады.

Чарло WBC бойынша сәуір айында міндетті үміткер құқығын жеңіп алған. Ендігі кезекте аталған ұйым "Канело" толыққанды чемпион болғандықтан, оған алдымен Головкинмен кездесу керек деп шешкен.

GGG бұған дейін "Канеломен» екі рет кездесіп, бір ретте жеңе алмады. Олардың бірінші жекпе-жегі тең аяқталып, екіншісінде жеңісті мексикалық тойлаған болатын. Головкин үшін бұл жеңіліс мансабындағы алғашқысы болып отыр әрі ол WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылды.

«Бәрі болуы мүмкін. Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі барлық жағынан қызықты болар еді. Дегенімен Чарло да жұдырықтасу құқығына ие. Менің ойымша, бұл үш тараптың барлығы үшін әділ шешім», - дейді Сулейман.

Сондай-ақ WBC "Канелоға" титулын ерікті түрде қорғауға рұқсат берді. Мексикалық 15 желтоқсан күні рингке қайта шықпақ. Оның басты қарсыласы ретінде канадалық экс-чемпион Давид Лемье аталуда.

Ал қазақстандық Головкинге келсек "Канеломен" болған жекпе-жек ол үшін биылғы соңғы кездесу. Ол рингке 2019 жылдың көктемінде шығып қалуы мүмкін.