01 нау, 2018 сағат 11:13

Ұлттық Олимпиада комитетіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Данияр Абулгазиннің үстіміздегі жылдың 28 ақпанындағы бұйырғымен Нұрлан Нөгербек Ұлттық Олимпиадалық комитеттің бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы комитет сайты хабарлады.

Бұған дейін ол осы ұйымның қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры болған. Сонымен қатар, 2015 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында ҚР ҰОК аппарат жетекшісі, атқарушы директоры қызметтерін атқарған болатын.

Айта кетейік, ҚР ҰОК бас директоры болған Серік Қасқабасов қызметінен өз еркімен кетті. ҚР ҰОК бас хатшысы Данияр Абулгазин Серік Қасқабасовқа ҰОК қайта құру кезіндегі атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, еліміздің олимпиадалық қозғалысына қосқан үлесін атап өтті.

«Серік Сейітұлы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіндегі барлық тың өзгерістер мен жаңа бастамаларды жүзеге асыру жолында маңызды міндет атқарған болатын. Біз ол кісінің жасаған жұмысына зор алғысымызды білдіре келе, алдағы қызметіне сәттілік тілейміз», деді ҚР ҰОК бас хатшысы.