21 ақп, 2017 сағат 10:54

Ұлттық бюро лауазымды тұлғаларды ұстады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы пара алғандығы үшін бірқатар лауазымды тұлғаларды ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"  ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында құрылыстық мердігерлік шартын жасауға жең ұшын беру үшін 2,5 млн. теңге сомасында пәтерді жөндеу түрінде мүліктік пайда табу күдігі бойынша Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Ж. Қалабаевтың қылмысы әшкереленді.

Сондай-ақ, Алматы қаласында Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау бекеті бөлімінің басшысы С. Шегай ұсталды.

Ол кәсіпкерден 5,5 млн. тенге мөлшеріндегі анықталған кеден бажын өндіріп алу және қайта есептеу бойынша шараларды қолданбау үшін 3 мың АҚШ долларын пара түрінде алғаны үшін күдіктелуде.

Қазіргі уақытта екеуі де ұсталып, УҰА қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.