06 нау, 2017 сағат 08:45

Трамп Конгресті Обама әкімшілігінің әрекетін зерттеуге шақырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Конгреске бұған дейінгі мемлекет басшысы Барак Обама әкімшілігінің әрекетін зерттеуге шақырды. Трампты әсіресе 2016 жылғы сайлау қарсаңындағы кезең қызықтырады, деп хабарлады Associated Press.

АҚШ әкімшілігінің баспасөз хатшысы Шон Спайсердің журналистерге хабарлауынша, Трамп Конгрестің барлау жөніндегі комитетін "Ресейдің АҚШ-тағы сайлауына араласуына" қатысты жүргізілген зерттеуді тексеруге, Обама әкімшілігінің қызмет бабын асыра пайдаланған-пайдаланбағанын анықтауға шақырған. Спайсердің айтуынша, зерттеу аяқталғанша осы тақырыпқа қатысты пікір айтылмайды.

Бұған дейін Трамп "сайлау қарсаңындағы телефон әңгімелерін тыңдаған" деп Обаманы айыптаған еді.