03 мам, 2019 сағат 08:25

Тоқаев ресми түрде президенттікке кандидат болып тіркелді

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты тіркеді. 

"Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін; Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы қоса беріліп отырған хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын" делінген Орталық сайлау комиссиясы хабарламасында.

Хаттамаға сәйкес, Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдап, Қазақстанның барлық 17 өңірінен 315 910 қол жиналған. Олардың 313 653-і дұрыс деп танылған.